5.02.2026, 17:00
Оқылды: 7

Заң мен тәртіп үстемдігі

Аптаның сейсенбі күні ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне қарасты облыстық департаментте  жаңа Конституцияның жобасына қатысты жиын өтті. Бұл келелі басқосуға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев. ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің әр өңірдегі департамент ұжымы онлайн түрде қатысты.

DSC01954 (1)

Алдымен Асқарбек Маратұлы Ата заңдағы тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, бұл Конституция еліміздің дамуын  жаңа деңгейге көтеретінін айтты.

– Конституция – заңдық құжат қана емес, елдің құндылықтарын, стратегиялық мақсаттарын айқындайтын акт. Ұсынылып отырған жаңа жоба қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерді ескере отырып әзірленген. Оның басты мақсаты – құқықтық мемлекетті, әділетті қоғамды және азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін тиімді әрі заманауи конституциялық модель қалыптастыру. Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттік стратегияны жүргізетін, қоғам құндылығын және азаматтар мен мемлекет арасындағы сенімді арттыратын маңызды құжат, – деді министр.

Жаңа заң жобасы талқыланған соң, осы министрлікке қарасты ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті БҚО бойынша департаментінің басшысы Асұлан Досжанов өз ұжымымен пікір алмасты. Ол жаңа Конституция жобасы қоғам үшін маңызды екенін айтып, оны қолдайтынын жеткізді.

– Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, қоғамдық ашық талқылаудың нәтижесінде дайындалды. Әділеттілік, заң мен тәртіп сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі – Қазақстан халқы болып табылатыны да жазылған. Жаңа Конституцияның жобасында әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқықтарына кепілдік берілген. Ата заңның жаңа мәтінінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі тіректері ретінде қарастырылады. Цифрландыру үдерістерін жеделдету, ғылыми зерттеулерді қолдау, инновациялық экожүйе қалыптастыру және адами капиталдың сапасын арттыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар ретінде айқындалады. Бұл бағыттар, әсіресе, жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің жауапкершілігін арттырып, олардың ұлттық дамудағы рөлін күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасының жарияланып, көпшілік талқысына ұсынылуы – халықтың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына жол ашатын, білімге, ғылымға және инновацияға негізделген жаңа Қазақстанды құруға бағытталған тарихи қадам. Отанымызды  адал еңбегімізбен көркейту, заң мен тәртіп үстемдік құрған әділетті Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан жаңа Конституция жобасын ашық әрі дәйекті түсіндіру – біздің қазіргі басты мақсатымыз, – деді А. Досжанов.

Нұрым Ғұмар,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале