24.06.2025, 19:30
Оқылды: 138

«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді

2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінде Ашық есік күні өтті.

5393339598257649169 «Заң және тәртіп» идеологияларын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды.

5393339598257649172

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері азаматтарды түрлі өтініштер бойынша қабылдады, оның барысында келушілерге білікті құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Агенттікке осы салаға қызығушылық танытқан мектеп оқушылары да келді. Көпшілігі болашақта өз мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстыруға және елімізде жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосуға ниетті екендерін білдірді.

5393339598257649168

Іс-шараға қатысушылар әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптарын қозғай отырып, өз ұсыныстары мен тілектерімен белсенді түрде бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру жөніндегі идеяларды ұсынды.

5393339598257649174

Мұндай іс-шаралар азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале