14.01.2022, 18:05
Оқылды: 21

«Заңдылықты сақтау - негізгі талап»

Бүгінгі таңда прокуратура органы заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, прокуратура өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.

ABE08163-8757-4B52-A1D0-49318457F4BE

Заңдылықта сақтау - Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы болып табылады. Ал құқықбұзушылық - қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.

Бұл ретте әскери прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы жүзеге асырады.

Осынау қадағалау жұмысы барысында ең басты назар қылмыстық процесстің заңдылығы мен мемлекеттің мүддесін, әскерилердің және олардың жанұя мүшелерінің құқықтары мен денсаулығының қорғалуына аса назар аударылды.

Сондай-ақ, қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған Бас әскери прокуратураның бастамасымен бірнеше бағдарламалар жүзеге асыруда.

Әсіресе әскерилер нақты біледі, Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдар ішіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидті болдырмау бағытында 2010 жылдан бері бірнеше бағдарламалар сәтті орындалып келеді.

Ал 2017 жылы қабылданған «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясындағы жүргізілген шаралар өз мәресіне жетіп, өткен 2021 жылы аяқталады.

Қабылдаған шаралар әскерде қылмыстылықты бірнеше есе азаюына ықпал етті, оның ішінде әскери қылмыстар  санатына жататындар (әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту, қашқындық, әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу түріндегі қылмыстар).

Барлық қабылданып, жүзеге асырылған бағдарламалардың ең соңғы негізгі талабы, ол  - «Әскердегі заңдылықты сақтау» болады.

Қол жеткізілген оң нәтижелер келешекте құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа деңгейдегі шаралар қабылдап, нәтижесінде әскерде қылмыстылықты мүлдем жоюға негіз болады.

Осыған байланысты Бас әскери прокуратураның ықпалымен қазіргі таңда жаңа бағдарлама өзірленді. Тиісті шаралар қолға алынады.

Сонымен қатар Орал гарнизоны әскери прокуратурасының ұйымдастыруымен әскери бөлімде заңбұзушылықтың алдын алуға «Прокурор сағаты» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

Бұл игі шарада, әсіресе әскерге мерзімді шақырылған сарбаздар құрамымен, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлермен әңгімелесу, анонимдік сауалнамалар жүргізіліп, дәрістер оқылып, соңында құжатты фильмдер көрсетіледі.

Әскери бөлімдерде құқықбұшылықтың алдын алу үшін барлық әскери ғимараттарда және казармаларда видеокамералар орнатылды.

Кейбір әскери бөлімдерде әйелдер кеңестері жұмыс жасауда. Осы кеңестер жиындары барысында әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы назарға алынады.

Дегенмен әскери қызмет саласында кейбір мәселелердің бар екенін де атап өткен жөн. Біздің облыс пен Ресей Федерациясы шекарасының ұзындығы бір жарым мыңнан көп шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта шекара бекеттерін күзетуге әскери мамандар жетіспей отыр. Соған байланысты құзырлы органдар алдында осы мәселені көтерудеміз. Шекарада тұрғындарға арналған жеңілдетілген өткізу пункттерінің ғимараттарын талапқа сай келтіру жұмысы да жүргізілді.

Сондай-ақ осы күннің бір маңызды мәселесі, ол - жастарды мерзімді әскерге шақыру кезінде туындайтын қиыншылықтар. Барлығымызға мәлім, жастардың көпшілігі мерзімді әскерге барғысы келмейді.

Аймақтың жастары арасындағы әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға айрықша назар аударудамыз. Жыл сайын мектеп оқушылары мен әскери клуб тәрбиеленушілерін әскери бөлімдерді аралатып, жаңа техникалар және музей жәдігерлерімен таныстырып, әскери қызметкерлермен кездесуіне мүмкіндік жасаймыз.

Ешкім батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.  Азаматтарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі – ол әскери-патриоттық тәрбие. Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады.

Осы орайда, облыстық білім беру басқармасы және жергілікті  прокуратурамен бірлесіп, Орал қаласындағы мектептен «Кадет сыныбы» ашылып, осы сыныпта патриоттық тәрбиені  дамыту мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізілуде.

Аталған барлық іс-шаралар – әскери саладағы заңбұзушылыққа жол бермеуге,  әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруға арналған және бұл бағытта белсенді еңбектене береміз.

Сөз соңында айтарым, Қазақстан Республикасы Президентінің алдымызға қойған талаптарын, Бас прокурордың және Бас әскери прокурордың тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға Орал гарнизоны әскери прокуратурасының ұжымы сақадай сай екенін мәлімдегім келеді.

 Алтынбай Раев,

Орал гарнизонының әскери прокуроры,

әділет полковнигі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале