7.04.2022, 11:30
Оқылды: 3

Заңсыз алынған зейнетақыны өндіру талап арызы медиация жолымен шешілді

Орал қаласының №2 сотымен талапкер «Ресей Федерациясының Саратов облысы бойынша Зейнетақы қоры бөлімі» ММ-нің жауапкер Н.И.-ға заңсыз алынған зейнетақы сомасын өндіру туралы талап арызы қаралды. Талап арыз бойынша  27.11.2013 жылы талапкер «Ресей Федерациясының Саратов облысы бойынша Зейнетақы қоры бөлімі»  ММ-не жасы жетуіне байланысты зейнетке шығуға жүгінеді.

Depositphotos_33386109_l-2015-pic905-895x505-86308

Фото дереккөзі: gazeta.ru

Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасы территориясындағы зейнетақы алушыларды тексеру қорытындысы бойынша талапкер Н.И. Орал қаласы тұрғыны екені және 2016 жылдан бері жасы жетуіне байланысты Қазақстан  Республикасының территориясында зейнетақы алатыны анықталған.

Жауапкер  2016 -2020 жылдар арасында екі мемлекеттіктің зейнет алушысы болып келген, соған орай талапкер жауапкерден заңсыз алынған 400 208 рубль көлемінде соманы өндіруді сұрады.

Сот отырысы барысында  талаптар  бейбіт келісімге келді. Аталған келісімге сәйкес талапкер  28.03.2022 жылдан 01.07.2022 жыл аралығында заңсыз алған зейнетақы сомасын қайтаруға міндеттенеді, ал талапкер өз кезегінде талабынан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Райгул Имангалиева,

Орал  қаласының №2 сотының

 бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале