12.07.2024, 10:30
Оқылды: 92

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы үш жарым жылға сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті. Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды, деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

E6E9453C-CC0B-4A1E-881B-94B0C986FA19

Фото: ҚР ҚМА

«Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

ҚМА азаматтарды құмар ойындарға – лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале