16.05.2024, 17:56
Оқылды: 41

Заңсыз орнатылған ескерткіштердің мәселесі қаралды

 Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылында мектеп түлектерінің демеушілігімен 1 миллион 400 мың теңгеге «Ұстаз және оқушылар» ескерткіші орнатылған. Бұл туралы БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы хабарлады.

7bffbb2d-5547-40cd-bc2c-d5b4d0f8c315

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан аудан әкімдіктеріне облыс аумағында ескерткіштерді заңсыз орнатудың алдын алу туралы бірнеше рет ескертпе хат жолданып, жиналыстарда ескертілді.
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №23-32-28.193 тапсырмасын орындау мақсатында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі заңсыз орнатылған ескерткіштерге мониторинг жүргізу, түпкілікті шешім шығару (қалдыру, түзету не бұзу) мақсатында жұмыс жүргізді.

2023 жылдың 12-13 желтоқсан күндері облысқа құрамында С.Смағұлов, Б.Әлібай, Р.Әбенов бар республикалық комиссияның жұмыс тобы іссапармен арнайы келіп, Теректі және Бөкейордасы аудандарына шығып заңсыз орнатылған ескерткіштердің мәселесін, соның ішінде «Ұстаз және оқушылар» ескерткішін қарады.

Комиссияның хаттамасына сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігіне «Ұстаз және оқушылар» ескерткішінің көркемдік тұрғыдан төмен деңгейде орындалғаны, пропорциялық өлшемдердің сақталмауы анықталып, демонтаж жұмысын жүргізу ұсынылды.
Биыл 14 мамырда Бөкейордасы ауданы әкімдігі республикалық комиссияның хаттамасын орындау және аталған ескерткіштің келбетін эстетикалық-көркемдік талаптармен пропорциялық өлшемдерін сәйкестендіру мақсатында демонтаж  жүргізді.

Алдағы уақытта аталған ұсынымдар толық орындалған жағдайда аталған ескерткіш заңнама аясында қайта орнату мүмкіндігі қарастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале