Қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жазды.
Фото: ktf.kz
29 жастағы Дияс соңғы жыл жарымда екі матч қана өткізді.
Australian Open-2022 додасында алғашқы айналымда отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберді. Ал өткен жылы Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды.
Ұзаққа созылған жарақатына байланысты әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы кортқа орала алмай жүрген болатын.
«Достар, бәріңізге сәлем! Мен әлі қалпыма келіп жатырмын. Көгалдағы маусымда ораламын ба деп едім, өкінішке қарай, қалпыма келуге көп уақыт кетті. Бәріңізге мәлім, мен иығымнан жарақат алғанмын. Бәрі ойдағыдай жүріп жатыр, хард төсенішінде АҚШ-та өтетін жарыстарға (шілденің аяғы) қосыламын ба деп отырмын», деп жазды Зарина Instagram парақшасында.