12.01.2017, 11:54
Оқылды: 41

Зашағанда «Бөбек» бөбекжайы ашылды

Zashagan bobekjay  Зашаған кентіне қарасты Коминтерн шағынауданында 70 орындық «Бөбек» отбасылық жеке бөбекжайы ашылды. Қала әкімі Нариман Төреғалиев, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубекеров арнайы барып, жаңа балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысты.


  Коминтерн ауылында 100-ге тарта бүлдіршін балабақша кезегіне тұрса, бүгінде бұл олқылықтың орнын жергілікті кәсіпкер Гүлмира Айтқалиева толтырып отыр. Ол үш қабатты коттеджді өз қаржысына қажетті жиһаздар және интерактивті қондырғылармен жабдықтаған.

  – Орал қаласында қазір 14 800 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бүгінде 51 мемлекеттік, 22 жеке, 25 шағын орталық жұмыс істейді. Міне, сіздер де қосымша үлестеріңізді қосып жатырсыздар, – деген қала басшысы Нариман Төреғалиұлы сәулеті мен салтанаты келіскен бөбекжайда кішкентайлар үшін бар қолайлылық жасалғанын атап өтті.

  – Елбасы тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасын іске асырудағы мемлекет пен жекеменшік әріптестікті дамыту қолға алынды. Жеке балабақшалар бізге өте үлкен көмегін беретіні сөзсіз. Бұл балабақша барлық талаптарға сай. Үштілде білім береді, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Батиқа Пайдина. Балабақша директоры Гүлмира Айтқалиеваның айтуынша, қазір бөбекжайда 20 бала тәрбиеленуде. Айлық төлем 15 мың теңгені құрайды. Балалар таңертеңгі сағат сегізден кешкі сағат алтыға дейінгі уақытын осында өткізеді. Мемлекеттік стандартқа сай «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша оқу іс-әрекеттері жүргізіледі. Әзірге бес қызметкер еңбек етуде.

Кәусар Байғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале