Жылдың 8 айында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 13,9 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, теңгені құрап, осы жылдың басынан бері 919 млрд теңгеге немесе 7,0% ұлғайды. Инвестициялық кіріс көлемі осы жылдың басынан бастап 718,0 млрд теңгені, зейнетақы жарналары – 1 097,3 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері – 175,7 млрд теңгені, мерзімінен бұрын алу сомасы – 848,4 млрд теңгені құрады», - деді Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, зейнетақы активтерінің кірісі соңғы 12 айда 8,6% болған.
«Жинақтаушы зейнетақы қорының тұрақтылығы тұрғысынан ұзақ уақыт аралығында кірістілік пен инфляцияның көрсеткіштерін қараған жөн. Мәселен, 5 жыл ішінде жинақталған инфляция 51,4% болған кезде зейнетақы активтерінің жинақталған кірісі 56,8%-ды құрады», - деді Ұлттық банк өкілі.