6.01.2026, 17:30
Оқылды: 63

Зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Биыл 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері мен бірқатар әлеуметтік жәрдемақының мөлшері артты.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

Облыстағы 97,9 мың зейнет­кердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 қаңтардан бастап 10%-ға артты. Яғни жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуде ең жоғары табыс 55 АЕК (237 875 теңге) ескеріледі.

Мәселен, 2026 жылғы 1 қаң­тардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шама-сының 118 пайы­зынан аспайтын мөлшерде бе­ріледі. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға қатысты.

«2026-2028  жылдарға  арналған  республикалық  бюджет  туралы»   заңға  сәйкес  1  қаңтардан  бастап:

Айлық  есептік  көрсеткіш (АЕК) –  4 325  теңге  мөлшерінде;

Ең  төменгі  зейнетақы – 69 049 теңге;

Ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД) –  50 851  теңге;

Базалық  зейнетақы  төлемінің  ең  төменгі  мөлшері –  35 596 теңге  болып  белгіленді.

Мүгедектігіне және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдардың да әлеумет-тік жәрдемақылары (ең төменгі күнкөріс мөлшерінің ұлғаюына байланысты (50 851 теңге) артады.

Мысалы:

Жалпы аурудан мүгедектi­гiнің тобына қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2025 жылы 55 474 теңгеден 101 702 теңгеге дейін болса, 2026 жылы 61 022 теңгеден 111 873 теңгеге дейін  артып, 10%-ға өседі.

Асыраушысы қайтыс болған отбасының асырауында болғандар санына қарай 2025 жылы 42 530 теңгеден 138 684  теңгеге дейін болса, 2026 жы­лы 46 783 теңгеден 152 553 тең­геге дейін артып 10%-ға өседі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілет­тілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөл-шері де 10%-ға артады. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуына байланысты келесі жәде-мақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады:

- №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

- жерлеуге  біржолғы  төлем;

- бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

- ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы;

– кодекстің 190-бабының  3-тармағының 1)-17) тармақтарында қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

- бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техника-лық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым-дарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрде-мақы;

- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы;

- 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің артуына байланысты мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балалар-ды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындала-тын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзе-ге асыратын адамға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері артты (2025 жылы - 74 428 теңге болса, 2026 жылы - 81 871 теңгеге дейін артты, өсімі 10 %).

Жеңіс Беріков,

халықты  әлеуметтік  қорғау саласындағы реттеу және

бақылау комитетінің

Батыс  Қазақстан облысы  бойынша департаментінің 

басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале