25.11.2020, 22:19
Оқылды: 45

Зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге 3 триллионнан астам теңге бөлінеді

Мемлекет шын мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі керек, деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының ХХ съезінде.

1515119094_article_b
- Біздің бағдарламада төрт негізгі басымдық бар. Әр азаматқа өз мүмкіндіктерін іске асыруға теңдей мүмкіндіктер беру, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, мемлекет атаулы әлеуметтік көмекке шынымен мұқтаж жандарға көмек көрсетуі керек.

- Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж жандарды қолдауға үлкен көңіл бөлеміз. Әлеуметтік саясатты жүргізу кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтіледі, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ол алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін де айтты.

- Зейнетақының мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен бірге біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосу арқылы жүзеге асыруды ұсынамыз, - дейді Қазақстан Президенті.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале