11.12.2025, 11:30
Оқылды: 19

Зейнетақы жинағын қайда пайдалануға болады?

Enpf-otbasy.kz платформасы арқылы офтальмологиялық қызметтерге өтініш қабылдау тоқтатылды. Зейнетақы жинағын қайда пайдалануға болады? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

жп ақша (9)

Неге тыйым салынды?

"Отбасы банк" АҚ мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі БЖЗҚ-ны емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерге байланысты өтініш қабылдау тоқтатылып отыр. 3 желтоқсанда тиісті бұйрық жарияланған. Жаңа ережелерге сәйкес зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді.

Енді қайда жұмсауға болады?

Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ-дағы артық қаражатты маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады:

  • орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
  • реконструктив және қалпына келтіру операциялары;
  • радионуклид және радио-йод терапия;
  • радиохирургиялық ем;
  • протон терапия.

Сондай-ақ, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға болады:

  • Ипотекасыз түпкілікті есеп айырысу: көппәтерлі үйден сатып алу-сату, айырбастау, үлестік қатысу немесе үлесті беру; тұрғын үй немесе жеке құрылысқа, жеке қосалқы шаруашылыққа жер учаскесін сатып алу үшін.
  • Ипотекалық тұрғын үй қарызы: бастапқы жарна төлеу, ішінара немесе толық өтеу, қайта қаржыландыру, оның ішінде жөндеу жүргізілген тұрғын үй бойынша да.
  • Тұрғын үй құрылысы жинағы: ипотека алу немесе қайта қаржыландыру, жеке үй салу, соның ішінде жер учаскесін сатып алу үшін салымды толықтыру;
  • Ислам банкі арқылы қаржыландыру: тұрғын үй сатып алу, қарызды ішінара немесе толық өтеу.
  • Сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалдау: тұрғын үй бағдарламалары, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, жекешелендіру немесе бөліп сатып алу-сату шеңберінде төлеу.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале