12.02.2024, 9:16
Оқылды: 61

Зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қарастырылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қаржы саласының сарапшыларымен кездесіп, зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

pensiya-1

Фото: primeminister.kz

Сарапшылар тобының атынан сөз алған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев отандық зейнетақы жүйесі тұрақтылығы мен төлем тағайындаудағы ашықтығы жағынан әлемде алдыңғы қатарлы жүйелердің бірі болып саналатынын атап өтті. Болат Жәмішев жүйені одан әрі жетілдіруге қатысты сарапшылардың ұсыныстарын ортаға салды.

Ұсыныстар базалық зейнетақы, жұмыс берушілер тарапынан аударылатын жарналар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жинағының тиімділігін анықтауға қатысты болды. Сондай-ақ, қор активтерін ұтымды басқара отырып, салымдардың табыстылығын арттыру туралы да пікірлер айтылды.

Тамара Дүйсенова сарапшыларға алғыс білдіріп, зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесін бірлесе қарастыруға шақырды. Вице-премьер бұл іске мүдделі мемлекеттік органдардың барлығы оңтайлы тәсілдерді қарастыру және енгізу процесіне қосылатынын атап өтті.

primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале