31.03.2017, 16:46
Оқылды: 27

Зейнетақыңды бүгін қамда!  

 

Еліміздегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық бөлімшелерінде  «Зейнетақы қоры қалай құрылды?»  атты ашық есік күндері өтті.  Аталмыш қордың облыстық бөлімшесінде өткен шарада оның директоры Қайрат Ихсанов және ұжым қызметкерлері келушілерге толық түсінік берді.

Қайрат Ибрагимұлы зейнетақы қорының қашанда кез келген азамат үшін ашық екенін айта келіп, отандастардың мектеп кезінен бастап, зейнетақының жайын жақсы біліп, қартайғанда қамсыз өмір сүру мәселесін жетік меңгергенін қалайтынын атап көрсетті. Қазір жинақталған зейнетақы салымдарының жалпы құны 2017 жылдың 1 наурызына шаққанда, 6,75 трлн. теңгеге жетті.

Соңынан қамтылушылар сұрақтарына жауап берілді. Бөлімше қызметкерлері  зейнетақы жүйесінің құрамдас үш бөлігі туралы түсіндіріп қана қоймай, еңбек демалысына шықпаған кез келген салымшының болашақта алуы тиіс зейнетақысының нақты, төмен деңгейдегі және ықтимал нұсқаларын санап, шығарып берді.

Әсіресе бір елден екінші мемлекетке қоныс аударғандардың зейнетақы салымы туралы сұрақтар да аз болған жоқ. Алдағы уақытта да мұндай кездесулер ұйымдастырылмақ.

СЕРІК ІЗБАСАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале