Сурет: istockphoto.com
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың айтуынша, зейнеткерлердің банктерге берешегі енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында болады. Бұл – азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шара.
Қазір Парламент Мәжілісінде банкроттық рәсімдерін оңтайландыруға арналған заң жобасы қаралып жатыр. Ол бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған шағын несиелер бұрынғыдай реттелмейді. Яғни, банкрот деп тану процесі жеңілдейді.
Азаматтардың жәрдемақысы мен әлеуметтік төлемдері сот шешімінсіз бұғатталмайды. Бірақ зейнетақы бұл санатқа кірмейді – одан 50%-ға дейін ұстап қалуға болады. Ұлттық банк болса, егер зейнетақыны толық қорғау енгізілсе, банктер зейнеткерлерге несие беруді азайтады деп отыр.
Кейбір қарыздарды кешіру масылдыққа жол ашып, қаржы тәртібіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Көшербаевтың айтуынша, мәселе қолданыстағы заңнама аясында ғана шешіледі.