18.10.2023, 11:30
Оқылды: 356

Земство туралы не білеміз?

Бұл патшалық Ресей басқаруында 1864 жылғы реформаға орай енгізілген жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы.

жп дала

Кешегі ресейлік билікте қазақ жерін отарлауда кеңінен пайдаланған ереже. Осы ережеге орай қазақ жеріне қоныстанған орыс шаруалары мен казактар жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару ұйымдарын құрып, қазақ жерінің иелері атана бастады.

Ал қазақтар үшін земство мекемелері патша өкіметі құлағаннан кейін, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 17 маусымдағы «Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай және Орал облыстарында земство мекемелерін ашу туралы» қаулысына сәйкес құрыла бастады.

Қазақ жерінде алғашқы земство мекемелері 1917 жылджың 16 қазанында Тоғай уезінде ашылып, оның басқарма төрағасы А. Бірімжанов болса, облыстық деңгейдегі земство басқармалары 1918 жылдың қаңтарынан құрыла бастайды.

Айталық, 1918 жылдың 17 қаңтарында Семей облысында және Орал облысында земство басқармалары ашылып, Семейде Р. Сәрсеков төраға болса, Оралда Х. Досмухамедов төраға болады.

Осылайша қазақ жеріндегі ашылған земство мекемелері халықтың шаруашылығын реттеуде, оқу ісін жолға қоюда, мектептер ашу, студенттерге степендия тағайындау т.б. елеулі жұмыстарды атқарады.

Алайда 1920 жылдары большевиктердің үкімет басына келуі Қазақстанда жергілікті земство мекемелерін жойып, орнына кеңестік мекемелерді құра бастағаны белгілі.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале