21.07.2022, 17:30
Оқылды: 39

Зерде холдингі таратылса да, қызметкерлердің тиісті төлемдері толық сақталады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» холдингін тарату туралы шешім бойынша ресми ұстанымын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

220721172048057e

«Бұл траснформация «Зерде» холдингінің өндірістік персоналына әсер етпейтінін ерекше атап өтеміз. «Сервистік интегратор» функцияларын «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК-ға беру мәселесін де қарау қажет. «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар үшін жетекші талдау орталығы ретінде құрылды. Сондықтан Үкімет «Сервистік интегратор» функцияларын «Зердеден» «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК-на беру туралы шешім қабылдады. Оның құрылымында Цифрлық трансформация орталығы жұмыс істейді», - делінген ресми мәліметте.

Холдингтің қызметі Цифрлық үкіметті қолдау орталығына берілетіндіктен, сол қызметті іске асыратын мамандар да жұмыс орнын ауыстырмақ.

«Бұл ретте, РМК-ға жұмысқа ауысқан қызметкерлер тиесілі барлық төлемдерді толық көлемде алады. Мемлекеттік IT-секторды басқару ісін реформалау кадрлық әлеуетті сақтай отырып іске асырылады.

Министрлік қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ету, кейіннен олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасу мүдделерін негізге алатын болады. Холдингті тарату кезінде бүкіл процесс ашық және айқын өтеді. Қызметкерлердің басым көпшілігі жаңа жобалармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыру үшін цифрлық ведомство жүйесінде қалады деп үміттенеміз», - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін таратуды ұсынған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале