13.09.2022, 10:00
Оқылды: 35

Жағдай қиындай түсті...

Өткен сенбіде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, 1:2 есебімен қонақтарға есе жіберді.

3

Алғашқы голды бірінші кезеңнің соғы минутында Роман Мұртазаев (№7) салып, меймандарды алға шығарды. Кездесудің екінші жартысында алаңға шыққан қарағандылық Темур Чогадзе (№6) 75-ші минутта есепті еселеді. Есесіне «Ақжайықтың» құрамындағы мақтаулы келімсектердің (легионерлердің) бірі – Т. Табатадзе 84-минутта пенальтиден гол соға алмай, қара басты. Жанкүйер үшін мұндай өте ауыр жағдайды көзімен көрген стадиондағы көрермен қауымға терең күрсініп, санын соғудан басқа амал қалмады. Негізгі уақыттың соңғы минутында оралдық Виталий Приндета (№4) қарсыластар қақпасын «дымқылдап», есепті қысқартқаны болмаса, одан әріге «Ақжайықтың» шамасы жетпеді. Онсызда жарыс кестесінің ең соңынан санағанда екінші орында келе жатқан біздің ко­манданың жағдайы үшбу жеңілістен кейін онан сайын қиындай түсті. Жоғары топтан шығып қалмаса жарар еді...

Бақытжан Жайық,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале