Шымкентте әйел терезеден лақтырып жіберген балаға қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Әйел баланы үшінші қабаттан емес, 4-қабаттан лақырып жібергені белгілі болды.
"103" Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21: 00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға Әл-Фараби ауданында, Ғ. Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.
Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды. Бала 2021 жылы туған ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.