23.11.2022, 9:46
Оқылды: 38

Жаһанның жылынуы: Порттарды су басып, кеме қозғалтқыштары істен шығуы мүмкін

Жер-жаһанның жылынуы кеме қозғалтқыштарының істен шығуына әкеледі, ал мұздықтардың еруіне байланысты дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуінен бүкіл әлемдегі порттарды су басып қалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

221123082918726e

«Британдық Метерологиялық қызметтің зерттеуіне сәйкес, шамамен 10-15 жылдан кейін Парсы шығанағы бетінің температурасы 36 градус болады, 38 немесе 40 градус болуы да ықтимал», - деді Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Климаттың өзгеруі жөніндегі бас сарапшысы генерал-лейтенант Ричард Нуджи британ парламентінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, жаһандық жылыну нәтижесінде дүниежүзілік мұхит температурасының көтерілуі теңіз суымен салқындатылатын кеме қозғалтқыштары үшін өзіндік «жылу көрпесіне» айналуы мүмкін.

«Кемелерде қиындықтар туындауы мүмкін, себебі оларда салқындатқыш болмайды. Кеме капитандары қазірдің өзінде 38-40 градусты айтпағанда, қазіргі теңіз бетіндегі температурада қозғалтқыштардың істен шығып жатқанын айтып жатыр», - деді әскери сарапшы.
Зерттеулер батыс антарктикалық мұз қабатының және Гренландияның мұз жамылғысының тез еруі нәтижесінде әлемдік мұхит деңгейі 10 метрге көтерілетінін көрсетеді. Мұның салдарынан британдық порттарды су басуы мүмкін.

Фото: MOSAiC/Steffen Graupner

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале