15.03.2026, 19:44
Оқылды: 5

«Жайық» чемпиондар лигасындағы қарсыласын білді

Волейболдан Азия чемпиондар лигасында ел намысын «Жайық» волейбол клубы қорғайды.

d9e84aa0-f353-4f0d-a46c-65f45947b4a8

Сары құрлықтың ең үздік сегіз ұжымы мықтылық байқасатын доданың алғашқы кезеңінде Оралдың командасы индонезиялық «Jakarta Bhayangkara Presisi» командасымен күш сынасады.
Жеңгені катарлық «Al Rayyan» мен кореялық «Hyundai Capital SkyWalkers» ұжымының үздік шыққанымен финал жолдамасын сарапқа салады.
Ал қарсы бетте жапондық «Rep. of SV. League» тайландтық «Nakhonratchasima Qmin C VC», ирандық «Foolad Sirjan Iranian» және тағы бір индонезиялық «Jakarta Garuda Jaya»командалары шығады.
Чемпиондар лигасы мамырдың 13-17 аралығында өтеді.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале