8.05.2025, 15:15
Оқылды: 322

«Жайық» қатарынан үшінші рет жеңіске жетті — келесі қарсылас «Тұран»!

Орал қаласында өткен кезекті матчта «Жайық» футбол клубы өз алаңында «Атырау» командасын 2:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ойын барысында Орал командасы айқын басымдық танытып, қарсыластың қақпасына жауапсыз екі гол соқты.

05ec90c74b9228b9367c9b86d2dfa585_1280x720

Гол соққандар:

52’ — автогол (Бекзат Сапарбай, «Атырау»)

57’ — Саламат Гайсиев

f62be1c8955a6b67f4845ae4645b63f5_1280x720

Бұл жеңіс «Жайықтың» ұпай қоржынына тағы да 3 ұпай әкелді. Жанкүйерлердің ыстық қолдауы мен ойыншылар арасындағы ұйымшылдық командаға сенімділік пен рух берді.

5a651e95fff92d305ff42bb5005c33f1_1280x720

Матч соңында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов командаға алғыс айтып, алдағы кездесулерде сәттілік тіледі.

a7045c23ff2b2ef02fba9829e23509ea_1280x720

Келесі маңызды матч:

13 мамыр

Шымкент қаласы

Қарсылас — «Тұран» футбол клубы

Команда бұл ойында да жеңісті мақсат етіп отыр. Барша жанкүйерлерімізді алдағы кездесуде де қолдау көрсетуге шақырамыз!

Жеңіс құтты болсын! Алға, «Жайық»!

Дереккөз: Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале