Сұрақ-жауап

– Елімізде футбол маусымы қыза түсті. Қазақстан жоғары лек (премьер лига) командалары бірнеше турдың ойындарын өткізіп үлгерді. Ал бірінші лекте бақ сынайтын «Жайық» маусымды қашан бастайды?
Дастан Абешов,
Орал қаласы,
футбол жанкүйері

Әлихан Әбдіжаббаров, «Жайық» футбол клубының баспасөз хатшысы:
– Биыл Бірінші лигадағы алғашқы маусымын сәуірдің 2-сі күні «Жайық» сырт алаңда «Арыс» футбол клубымен кездесуден бастайды. Содан кейін оралдықтар ел кубогі аясында додаға да алғаш рет қатысады. 8 сәуір күні «Қайрат» футбол клубына қарсы матч Орал қалалық орталық стадионында (бұрынғы П. Атоян атындағы стадион) өтеді. Ал біріншілік аясында алғашқы ойынды 16 сәуірде өткізеді. Бұл күні «Жайық» клубы «Астана-Ж» командасын қабылдайды. 24 сәуірде біздің команда Алматыға аттанып, «Хан тәңірі» футбол клубымен кездеседі.
Дайындаған
Түгелбай Бисен
