15.04.2024, 12:16
Оқылды: 99

Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап көтеріліп, тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Орал қаласының әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына хабарлайды. 

urgently-2310773_1280

Фото: pixabay.com

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Жайық өзеніндегі су деңгейі күн санап көтеріліп, бүгін қауіпті деңгейге жақындап, дәл қазір адам өміріне қауіп төндіруде.

Коминтерн, Курени, Самал шағын аудандарының, Жас натуралистер станциясының, Елизаров көшесіндегі облыстық аурухананың тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияға дайындалуы қажет!

Барлық отбасы мүшелерінің жеке құжаттарын, ақшалары мен бағалы заттарын, қажет дәрі-дәрмектер секілді эвакуацияға қажетті заттарды дайындаңыз!

Электр және газ құрылғыларын желіден ажыратыңыз.

Терезе мен есіктерді мұқият жабыңыз.

Үй жануарларын қауіпсіз жерге шығарыңыз.

Жақын орналасқан уақытша орналастыру пункттерінің мекенжайларын Орал қаласы әкімдігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ресми сайттарында, Яндекс, 2Gis қосымшаларында нақтылауға болады.

8(7112) 55-40-88 сенім телефоны және 101, 112 шұғыл нөмірлері үздіксіз қоңырау қабылдайды

Алдын ала құлақтандыру жүргізіледі, тек ресми дереккөздердегі ақпараттарға ғана сенуіңіз сұралады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале