
- Жайық өзеніне айрықша мәртебе беру туралы қаулы жобасы дайындалған еді. Бірақ, бір-екі қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, мәселе шешімін таппай отыр. Қазіргі таңда Жайық суын тиімді пайдалану жол картасы аясында жүргізілген зерттеулер аяқталуға жақын. География және су қауіпсіздігі институты бұл жұмысты аяқтауға кірісті. Жақында осы зерттеулердің негізінде Жайық өзені ерекше қорғалатын су нысандары тізіміне енгізіледі, - деді Нұрлан Алдамжаров Мәжілісте.
Еске сала кетейік, осыған дейін суды қалай үнемдеуге болатыны туралы жазғанбыз. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты сұрақ қойды.