3.06.2024, 14:45
Оқылды: 59

Жайық өзенінің деңгейі Атырау тұсында да төмендей бастады

Жайық өзенінің суы Атырау қаласының тұсында да төмендей бастағаны тіркеліп отыр.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Жайық өзенінің деңгейі Индер мен Махамбет ауданында күн сайын төмендеп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

98016650-49A6-4EF0-8312-A09385D03C6E

Фото: Жедел штаб

Бүгін, 3 маусымда таңертеңгі сағат 08:00-де Индербор кентіндегі гидробекетте өзен суы 6 сантиметрге төмендеген. Бұл кентте Жайық суының деңгейі 9 метр 29 сантиметр болды. Мұнда қауіпті шек – 845 сантиметр. Демек, қауіпті шектен әлі де 84 сантиметрге артық болып тұр.

Махамбет ауданында да Жайық арнасы бірнеше күн қатарынан төмендеп келеді. Бүгін су деңгейі 5 сантиметр азайды. Қазір Махамбет ауылының тұсында 10 метр 6 сантиметр болды.

Жайық өзені Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады. Мұнда бірнеше күн 6 метр деңгейінде сақталып тұрды. Өзен арнасы 1 маусымда кешкі мезгілден бері төмендегені байқалды.

Қазір мұнайлы шаһардағы гидробекеттегі су деңгейі – 5 метр 97 сантиметр. Сондай-ақ, Жаңаталап және Еркінқала ауылдарында Жайық өзені көтерілген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің деңгейі Индер мен Махамбетте төмендеп, Атырауда көтерілмегенін хабарлаған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале