22.01.2026, 15:00
Оқылды: 54

Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Орал қаласында Жайық өзенінің Курени аумағындағы жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда. Аталған нысандарды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Мулдашев және қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев аралап, жұмыстардың сапасы мен орындалу деңгейін тексерді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
1213
Қазіргі таңда жағалауды бекіту бойынша екі жоба жүзеге асырылуда:
• Чичерная көшесінен Шамсутдинов көшесіне дейінгі аралықтағы жағалауды бекіту. Жобаның ұзындығы – 383,6 метр. Бүгінгі таңда нысанның орындалу деңгейі 95%-ды құрайды. Мердігер ұйым – «Turan Story Servis Group» ЖШС.
Снимок
• Шамсутдинов көшесінен қалалық пристаньға дейінгі жағалауды бекіту. Бұл учаскенің ұзындығы – 286 метр. Құрылыс жұмыстарының орындалуы 90% деңгейінде. Мердігер – «Барыс-Нур» ЖШС.
Басқарма басшысы мен қала әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Жағалауды нығайту жобалары су тасқынының алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале