27.06.2024, 18:40
Оқылды: 120

«Жайық Пресс» медиахолдингінің қос журналисті Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Бүгін Ақордада журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында бірқатар журналист пен ұжымға Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды.

9EE245E4-D2B5-4FAB-A615-A91D2675BD83

Журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтың ішінде біздің, «Жайық Пресс» медиахолдингінің қос журналисті де бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің бас редакторы Нұрбек Оразаевқа жарияланса, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы грантын облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Гүлсезім Бияшева иеленді.

6DAF38BA-48C4-4145-A2A0-EED634F52E70

Қос әріптесімізді «Жайық Пресс» медиахолдингі атынан шын жүректен құттықтаймыз!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале