23.10.2025, 16:30
Оқылды: 247

Жайық жағалауы жаңартылды

Жайық өзенінің осы жағалауы халықтың сүйікті демалыс орны. Алайда жылда көктемде Жайық көтерілгенде жағалауды су шәйіп өрнектастары құлап, жағалаудың сәні кететін еді.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.00.17 (2)

Биыл бюджеттен қаражат бөлініп Жайық жағалауын жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жаңғырту жұмыстары Жайық жағалуын биіктету, бекіту жұмыстарынан басталған.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.00.18 (1)

Қазір жаңаша түрге енген Жайық жағалуы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.00.18 (2)

Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Жайық жағалуын аралап, халықпен кездесіп оралдықтарды 25 қазан - Республика күнімен құттықтады.
Жайық жағалауын жаңғырту жұмыстарына 1,3 млрд қаржы жұмсалған. Осы қаржыға Жайық жағалауы түгел жаңғыртудан өтіп отыр. Тұрғындардың демалысы үшін жайлы орындықтар, балалар ойын алаңы орнатылып, жаңа көгал төселіп түрлі ағаштар егілген. Және жағалаудағы қауіпсіздікті бақылау мақсатында бейнекамералар орнатылған.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Фотоға түсірген Мәди Салық

WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.32 (1) WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.33 (1) WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.35 (1) WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.35 WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.39 WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.39 (1) WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.33 (2) WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.41 WhatsApp Image 2025-10-23 at 17.12.40

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале