22.04.2025, 20:00
Оқылды: 369

Жайықтың алғашқы жеңісі қоржынға түсті

Екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің үшінші турында оралдық «Жайық» ФК өз алаңында алматылық «Джейран» ФК қабылдады.

25b17e9c-dd5e-4383-984e-56a313b17960

Клуб тарихындағы алғашқы ойын болған соң ба, оралдық футболшылар матч басында аздап қобалжығандай әсер қалдырды. Соны пайдаланып кеткен алматылық футболшылар есеп ашты. Ізін ала шабуылға ден қойған «Жайық» ойыншылары Ислам Амангелдиевдің көмегімен есепті теңестірді. Артынша Ислам тағы бір мәрте гол соғып, командасын алға шығарды.

52115caf-6b9f-463b-abd9-919e7ef55671

Осы ретте қос голдың соғылуына Магомед Оджиевтің көп көмегі тигенін де атап өткен жөн. Сол қанатта ойқастаған Оджиев өзі де гол авторы атанды және Темірлан Үмбетовтың есепті 4-1 етуіне жағдай туғызды.

78be02ae-6476-4e4a-8e2e-49b6ffd5265e
Матч тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастаған оралдық футболшылар екінші таймда тиімді есепті сақтап қалды.
- Жаңа клубтың өз алаңындағы алғашқы ойыны болған соң футболшылар аздап қобалжыды. Бірақ дер кезінде жинала білген жігіттер қажетті нәтиже жасай алды. Сол үшін оларға рахмет. Бізді қолдай келген жанкүйерлерге де алғысымыз шексіз,-деді команда бас бапкері Вячеслав Невольников.
Жаңа клубтың алғашқы голын соққан жас ойыншы Ислам Амангелдиев те команданың жеңіске жеткеніне қуанышты.
- Клуб тарихындағы алғашқы гол авторы атанғаныма әрине қуаныштымын. Бірақ маңыздысы – команданың жеңгені. Осындай мүмкіндік берген бапкерлік құрамға, гол соғуыма жағдай жасаған командаластарыма рахмет айтамын. Ал голымды ата-анама арнаймын, - деді Ислам Амангелдиев.

686a059e-0911-4d4e-a743-b0aaa68a8da5
Енді Жайық келесі матчын сәуірдің 29-ы күні сырт алаңда «Талас» командасына қарсы өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале