30.10.2024, 16:15
Оқылды: 133

«Жайықжылуқуат» мекемесі тарифтен түскен қаржыға бірнеше техника сатып алды

Оралдағы «Жайықжылуқуат» мекемесі тарифтен түскен қаржыға бірнеше техника сатып алды. Бұдан бөлек жылу беретін көмекші құрылғылар мен түтін шығартын мұржаларды жөндеу жұмысы басталған.

06e4736b-815e-4db0-90cb-d76272ab97c4

Ал алдағы уақытқа апатты деп танылған бес ғимаратты жөндеу жұмысы жоспарланып қойыпты. Бұл туралы бүгін «Жайықжылуқуат» мекемесінің бас директоры Бақытжан Әкімғожин айтты.

– Биыл инвест бағдарлама аясында 726 млн теңгеге жұмыстар жасалуы тиіс болған. Біз осы инвест бағдарлама аясында көптеген жұмыстар жасадық. Атап айтсақ, екі түтін шығаратын мұржаны жөндеуді бастадық. Бұл жұмыс қазір 60 пайызға аяқталып тұр. Бұдан бөлек су жылытқыштар мен сорғыларымызды ауыстырып жатырмыз. Жалпы тарифтен түскен қаржыға жылу орталығындағы негізгі жабдықтарды жөндей алмаймыз. Олар өте қымбат тұрады. Біз тарифтен түскен қаржыға тек көмекші құрылғыларды ғана ауыстырып немесе жөндеуге жібере аламыз. Жаз бойына жылу желілерінде жөндеу жүргізіп, ретке келтірдік. Жұмысшылар үшін ең қажетті дүние – арнайы техникалар. Апат бола қалған жағдайда олар сол техниканы пайдаланады. Былтыр инвест бағдарлама аясында апат болған жерде жұмыс істейтін жұмысшыларды таситын екі машина алдық. Мобильді экскаватор алдық. Биылдың өзінде тағы бір экскаватор алып жатырмыз. Біз осы инвест бағдарлама аясында үлкен кран алғымыз келеді, - деп атап өтті «Жайықжылуқуат» мекемесінің бас директоры Бақытжан Әкімғожин.

af12edab-4ee1-4bbb-a655-c655886ee607

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Жайықжылуқуат» АҚ-ның нысандары бойынша баспасөз турын өткізген болатын. Баспасөз туры барысында журналистер «Жайықжылуқуат» мекемесінде атқарылған жұмыстарды көріп, танысты.

Мекеменің бас директоры алдағы жоспарлары туралы да айтты.

ff4f9643-452f-4104-8e12-cc83164e3e7b

– Біз «Жайықжылуқуат» мекемесінің барлық ғимаратына техникалық тексеріс жүргіздік. Барлығы 40 ғимарат бар. Оның ішінде 11 ғимарат – жартылай апатты жағдайда. Бұлардың ішінде 5 ғимаратта негізгі жылытқыш құралдар тұрады әрі сол ғимараттарда қызметкерлер жұмыс істейді. Енді осы 5 ғимаратты күрделі жөндеуден өткізсек дейміз. Қазір екі ғимараттың құжаттары экспертизаға кетті. Биыл осы экспертиза жұмыстары сәтті аяқталса келесі жылы жазда апатты ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізуді бастаймыз, - деді Бақытжан Әкімғожин.

Жанат Көшкінбай

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале