26.07.2022, 10:32
Оқылды: 34

«Жақсыдан – шарапат»

... Күн бұлыңғыр еді. Көңіл - одан бетер. Кейінгі мезгілде әлсін-әлсін мазаны алып біткен сыралғы сырқаттың салдары әлсіреген ағзаны айналсоқтап әлі жүр-ау шамасы. Оқыста қалта телефон зіркілдей жөнелді. Орал жақтан Қозыкеш екен. Көп жылдар арамыз ажырамаған көне дос қой. Әдеттегідей, ет пісірім болмағанымен, шәй қайнатым уақыт біріміздің аузымыздағы сөзді екіншіміз қақпақылдай қағып алып, біраз әңгіменің басын қайырдық, білем. Кәдімгідей көңіл бұлты сейіліп, еңсем көтеріліп қалды. Қайткенмен де, дәрігер ғой, жанымның дауасын дәл тапқандай...

3

Айт-айтпа, жылдар озды. Жас келді, қатарымыз сиреді. Басқасын былай қойғанда, сен өзің сағынып іздейтін, не сенің өзіңді есіне алып, хабарласатын қатар құрбы азаматтардың ұзын саны бүгінде қос қолдың саусақ сандарына да жетпей қалды. Жыл өткен сайын олардың өзі де азайып барады. Содан да болар, «көнекөз» замандастардың ай-аптада бір айналып соғатын «амандық білу» қоңырауларын кәдімгідей елеңдеп тосады екенсің. Өз басым үшін, әсіресе, ел жақтан ауық-ауық телефон шалып, ескі дос деп есіне алып, іздеп тұратын сол санаулы достардың бірі осы Қозыкеш Қасымұлы Омаров деп білем.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №87 санынан оқи аласыздар!

 

Ғарифолла Көшенов,

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,

Алматы қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале