24.04.2023, 16:31
Оқылды: 45

Жалдамалы пәтерден ер адам мен әйел өлі табылды

21 сәуірде Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен екі адам өлі табылды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

93C172E9-1266-4D31-860F-E4FFE1A7D863Фото: pixabay

Олар 25 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел екені белгілі болды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл оқиға №8 шағынауданда болған. Бұл аумақтағы пәтерлердің басым бөлігі жалға беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале