21.06.2022, 9:15
Оқылды: 34

Жалған ақпаратқа сенбеңіз

ҚМА интернетте жалған қаржы компанияларынан азаматтарға «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынып, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейіп бара жатқанын ескертеді.

bf83329912ba6f9aed0d8dbe7cf6eca3_XL

Суреттің дереккөзі: 24 kz

Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді.

Мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және қаржылық пирамиданың белгілері бар.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады. Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінде және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеріңіз!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале