Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
Оның қарсыласы бразилиялық Фелипе Буньес болады. Жекпе-жек 17 маусымда UFC Fight Night турнирінде өтеді.
Буньес ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліп қалған. Бразилиялық файтер - америкалық LFA ұйымының чемпионы.
Еске салайық, 34 жастағы Жұмағұлов UFC-дегі кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың қарашасында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалған болатын. Жалғас америкалық промоушенде бір жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп қалған.