15.02.2021, 16:58
Оқылды: 120

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Оған облыс бойынша 4645 оқушы қатысты, оның ішінде аудан мектептерінен - 3014, Орал қаласы мектептерінен - 1346 және облыстық мектептерден  - 285.

94561AF8-87F4-43EE-A29D-BC4AAEFFE06E

Олимпиада өңірдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, 8 ауданда офлайн және 4 ауданда онлайн тәртібінде жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  пәндер бойынша өткізілді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.

Оқушылардың олимпиадаға қатысуы кезінде барынша қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау zoom платформасы арқылы қамтамасыз етілді. Олимпиаданың әрбір қатысушысының сканерленген, шифрланған жұмыстары, барлық тапсырмалардың дұрыс шешімдері «Дарын» өңірлік орталықтарының сайтында және олимпиада өткізілетін орындарда жарияланды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар тізімі анықталды. Ағымдағы жылдың 22 ақпан -3 наурыз аралығында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 504 оқушы қатысатын болады. Олимпиада аудан мектептері оқушылары үшін аудан орталықтарында, облыстық және  Орал қаласы мектептері оқушыларына Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің базасында офлайн режимінде өтеді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале