Бұл съезд 1918 жылдың 5-13 мамыр күндері Омбы қаласында ұйымдастырылды. Съезді шақырушы және ұйымдастырушылар Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымы болған.
Съездің мақсаты - Қазақстанда орнатылып жатқан большевиктер билігіне қарсылық, олардың жергілікті жерлерде жасап жатқан зорлықтарын айыптау және жастарды ұлт-азаттық қозғалыс жолында бірлікке шақыру.
Съезде қазақ-қырғыз жастарының барлық ұйымы біріксін. Бір кіндік комитет, бір бағдарлама, барлық ұйым бір атаумен аталсын деген ұран көтерді.
Съез ұйымға «Жас азамат» деген атау берді. «Жас азамат» деген атпен газет шығару ұйғарылды. Комитет Омбы қаласында жұмыс жасайтын болды.
Комитеттің төрағасына Ғазиз Мурзин, орынбасарлығына Гүлшахра Досымбекова, мүшелеріне Әбдірахман Байдилдин, Мұратбек Сейітов, хатшылығына Смағұл Садуақасов сайланды.
Бұл съезге белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовте қатысқан. Ол кейінен съезд туралы «Бірінші жалпы қазақ съезі» және «Жастар ұйымдарына ашықхат» атты мақалаларын жазды.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz