Оралда «Аманат-Жайық» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен «Оқырмандар клубы» ашылды.

Мақсатымыз дамушы орта құру. Қазіргі таңда клуб атауы «RuhTeam» деп аталады. Оқырмандармен аптасына екі кездесу өткізіледі. Сәрсенбі күні таңғы серуен, ал сенбі, жексенбі күндерінің бірінде кешкі жиын яғни кітап талқылау болады. Жуырда ғана қалалық мәдениет және демалыс саябағында табиғат аясында кезекті кітап талқылау өтті. Оқырмандар оқып жатқан кітаптарын талдап, ойларын ортаға салды. Клубымызға жаңадан жастар қосылып, алған әсерлерін жеткізіп жатыр. 1 ай қорытындысы шығып, белсенділік танытқан екі оқырманға сыйлық берілді. Қыркүйектен бастап барлық оқырман «Кемел адам» кітабын оқып бастайды. Әр ай сайын қорытындылап, белсенді оқырмандарға сыйлық беріледі.

Жансая Сұлтанмұратова,
«Аманат-Жайық» ҚҚ-ның редакторы