"ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңгені құрайтын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті", - деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Фото: www.gov.kz
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.