20.05.2022, 16:00
Оқылды: 66

Жамбылда зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды

Жамбыл облысында өрт қойылған үйден зорлық-зомбылықтың белгілері бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220518225225444e

2022 жылғы 18 мамырда сағат 23:28-де 102 пультіне белгісіз ер адамның үйге кіріп, пышақпен қорқытқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған мекенжайға келген полицейлер үйдің ішінде өрт басталғанын анықтады және оқиға орнына дереу өрт сөндірушілерді шақырған.

«Жатын бөлмеде зорлық-зомбылықтың белгілері бар 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале