Оқыс оқиға кеше 25 мамырда Жуалы ауданында болған.
Сурет: Aikyn.kz
Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Көлік ішінде болған үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оның бірі - мектеп түлегі, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан “Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасынан 21 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты. Оның 20, 17 жастағы жолаушылары мен 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда",-деп мәлімдеді Жуалы ауданы әкімдігі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.