3.11.2025, 16:00
Оқылды: 46

Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннаны құрады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл — экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

_gluster_2025_9_29_5c00e3aad5dfd977a8b3f220073b6a84_1280x720

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.

Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале