Үкімет отырысында Премьер-министр энергетика саласы әлемдік экономикада маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты дәстүрлі генерациямен қатар, жаңартылатын қуат көздері мен атом энергиясын дамыту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бүгінде энергетика саласы әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады. Электр энергетикасының дамуы ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарынан бастап шағын бизнеске дейін бүкіл өнеркәсіп саласының өсу қарқынына тікелей әсер етеді.
Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына өте ауқымды міндет қойып отыр. Яғни, 2035 жылға дейін жалпы қуаты 26 гигаватт болатын жаңа энергия көздерін іске қосуымыз керек.
Ол үшін дәстүрлі генерациямен қатар, жаңартылатын қуат көздері және атом энергиясы сияқты баламалы энергетиканы дамыту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сонымен бірге қолданыстағы энергия көздері мен коммуналдық желілерді жаңғырту және кеңейту шаралары іске асырылуда» — деп атап өтті Олжас Бектенов.