25.11.2022, 17:45
Оқылды: 49

Жаңа ипотекалық бағдарламаны қаржыландыруға қаражат қаралмаған - министрлік

Жаңа баспана алуға ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігіне бюджеттен қаражат қарастырылмады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221125153849a4006149d

«Аталған субсидиялау тетігі қарастырылған. Бірақ қазіргі таңда қаражаттың шектеулігіне байланысты, келесі жылға өтінім бердік. Ол өтінім Қаржы министрлігі тарапынан қолдау таппады. Бұл мәселе қаражатқа тіреліп тұр. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктен ипотека алған жағдайда, соның 7 пайызын мемлекет тарапынан жабу мақсатында, сондай-ақ ипотеканың тартымдылығын арттыру үшін осындай тетікті қарастырған болатынбыз. Дегенмен келесі жылға бұл тетік бойынша қаржы қарастырылған жоқ», - деді Е. Дауылбаев Сенаттағы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол қаржы табылса, аталған субсидиялау тетітігі «7-20-25» бағдарламасымен қатар жүретінін нақтылады.

Еске салсақ, биыл шілде айында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Осы орайда екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде «7-20-25» бағдарламасы жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале