15.01.2022, 9:40
Оқылды: 41

Жаңа қаулы: БҚО-да қай мектептер онлайн оқытуға көшеді

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211205194737935e

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткендей, қаулы 17 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес оқушы саны 600-ге жетпейтін облыс және аудан орталықтарындағы мектептер штаттық режимде оқиды.

Ал оқушы саны 600-ден асатын мектептер қашықтан оқытуға көшеді.

Тек ауыл мектептері бұрынғыша қала береді. 1-2-сыныптар штаттық режимде оқыса, 3-5-сыныптарда кезекші сыныптар ашылады.

Колледждер мен ЖОО студенттері аралас оқытуға көшеді. Барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша беріледі.

Ал тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде болады.

Сондай-ақ екпенің толық курсынан өткен оқушылар мен студенттерді оқу орындары басшыларының ұйғарымына сәйкес оқытуға рұқсат беріледі.

Жаңа қаулыға сәйкес 30 адамға дейінгі еске алу шараларын қоспағанда, «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарда ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік, көп адам жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Басқа да қатаң шектеу шаралары енгізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанның «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізіліп, өңірде 600-ге жуық адамнан коронавирус табылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале