Облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Nostrum Oil & Gas» компаниясының атқарушы директоры Виктор Гладунды қабылдады.

Кездесуде 2025 жылы Чинарев кен орнында көмірсутектер өндіру бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары баяндалып, өңірдегі перспективалы кен орындарын игеру және дамыту мәселелері талқыланды. Виктор Гладун компанияның алдағы жоспарын таныстырды.

Қос тарап саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, инвестициялар тарту және өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.