19.09.2023, 17:00
Оқылды: 32

Жаңа киімді киіп көруден қандай тері аурулары жұғуы мүмкін?

97DA97DA-4768-4A50-9BE4-3CA541A2BCC4

Дүкеннен киім сатып алмас бұрын балалар мен ересектер оның өлшемі мен түсіне сәйкес келмейтініне күмәнданып, киіп көреді. Осы ретте біз тіпті киімдерді бізге дейін ондаған, тіпті жүздеген адамдар кигенін ойға да алмаймыз.

Дүкенде киімдерді киіп көру арқылы адамдар саңырауқұлақ, дерматомикоз және қышыма ауруларын жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Айшат Ұзақбай айтып берді.

– Жаңа киімді киіп көруде бояғыштарға немесе химиялық заттарға аллергиялық реакциялар да пайда болуы мүмкін.

Алдын алу мақсатында не істеу қажет?

- дүкендерді аралап келгеннен кейін жуыну керек;

- дүкендерді аралағанда киген киімді үйге келген соң жуып алу керек;

- сатып алған жаңа киімді киер алдында жуу керек, - деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале