20.11.2019, 13:28
Оқылды: 150

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда педагогика саласының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Социал Пұсырманның «Жайықтың жайсаңдары Һәм ай ару қыздары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

kitap

Жаңа кітаптың тұсауын белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков пен филология ғылымдарының докторы, профессор Алпамыс Мұсаев кесті.

– Социал Пұсырман екеуміз тағдырласпыз, замандаспыз. Біз қиын кездерді бастан кешірген ұрпақтың өкіліміз. Сондықтан бір-біріміздің қуанышымызға, жақсылығымызға қуанып жүруге міндеттіміз деп есептеймін. Социал Пұсырманның осы жасқа келсе де, елге еңбегі сіңген жандар туралы кейінгі ұрпақ білсін деп, тынымсыз еңбектеніп жүргеніне риза боламын, - деді Айтқали Нәріков.

«Жайықтың жайсаңдары Һәм ай ару қыздары» атты кітабы Ұлы Отан соғысының батырларына арналғанымен Жұбан ақынға көбірек басымдық берілген. Сонымен қатар бұл кітапта Жайықтың өмірі тағылымды қыздары хақында да ой қозғайды.

Шығармашылық кеште қаламгердің немерелері Жұбан өлеңдерін оқыса, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале