13.02.2026, 15:45
Оқылды: 22

Жаңа Конституция – қоғамға серпін

"Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі облыстық қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп, «Қоғамдық және конституциялық бастамаларды жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. "AMANAT" партиясының облыстық филиалында өткен іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және азаматтық қоғамның белсенді өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 15.51.21

БҚО ҚДБ басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкееваның айтуынша, кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын жан-жақты талқылау, азаматтық қоғамның ұсыныстары мен бастамаларын талдау, сондай-ақ конституциялық өзгерістерді одан әрі іске асыру кезінде қоғамдық пікір мен сараптамалық тәсілдерді ескере отырып, ұсынымдар әзірлеу болды. Оның айтуынша, азаматтық қоғам институттары қоғамдық диалог саласында мемлекеттің серіктесі болып, "Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" пәрменді тетігі ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі рөлі мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 15.49.18

Қауымдастық өкілдері елдің саяси жүйесін одан әрі дамыту үшін Конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, ҚР Конституциясының жаңа редакциясы азаматтардың шешім қабылдауға қатысуын кеңейтеді және қоғамдық бақылау тетіктерін күшейтеді. Азаматтық қоғам институттарының конституциялық реформаны іске асыруға қатысуы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ конституциялық өзгерістерді дайындау және енгізу процесіне қоғамдық ұйымдарды тартуды мәселелері басты назарда болады.

WhatsApp Image 2026-02-13 at 15.49.18 (1)

–   Жаңа Конституцияның жобасы азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуына жағдай жасап, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әлеуметтік мемлекет қағидаттарын дамытуға баса назар аударады. Бұл Конституциялық принциптерді практикалық тұрғыдан жүзеге асыратын, негізгі заңның нормаларын нақты бағдарламаларға, жобаларға, бастамаларға және қоғамдық келісімдерге айналдыратын азаматтық қоғам институттары. Біздің осы саяси процеске белсенді қатысуымыз мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтуға, азаматтардың реформаларға деген сенімін арттыруға, жауапты және белсенді азаматтықты қалыптастыруға ықпал етеді, сондай - ақ жаңа Конституцияның ережелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз етеді, - деп түйіндеді Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы»  Қауымдастығының атқарушы директоры Дарина Телагисова.

Галина Каренский

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале