9.07.2025, 9:30
Оқылды: 320

Жаңа көпқабатты тұрғын үйлер саны рекордтық деңгейге жетті

2024 ж. Қазақстанда 20 қабатты және одан да көп 35 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 2023 ж. салыстырғанда айырмашылық - небәрі екі нысан ғана, дегенмен бұл көрсеткіш - кем дегенде соңғы 20 жылдағы ең жоғары деңгей.

103d723d-976d-4368-acad-aaa4a7439b6e

Дәл осы 20 қабат және одан көп қабатты ғимараттар статистикада 2008 ж. бері көрсетіліп келеді. Осы уақыт ішінде бір жылда осынша көпқабатты үйдің салынуы бар болғаны үш рет тіркелген. Жоғарыда атап өткендей, 2023 ж. болса, одан бөлек соған жақын көрсеткіш 2020 ж. тіркелген, ал қалған жылдары саны жиырмаға да жетпеген.

Айта кетерлігі, 20 және одан да көп қабаты бар тұрғын үйлер жалпы пайдалануға берілетін тұрғын үй нысандарының (үйлер мен жатақханалар) небәрі 0,1%-ын ғана құрайды. Ал жаңа салынған тұрғын үйлердің 10-нан 8-і - бірқабатты. Салыстырмалы түрде, пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлердің көрсеткіші тек Астана қаласында көбірек: 426 тұрғын үйдің 24-і 20 қабатты және одан да жоғары.

ҚР СЖРА ҰСБ деректері

Дереккөз: @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале